Түрмедегі журналист Думан Мұхаметкәрім талабы орындалмаса саусағын шауып, аштық жарияламақшы
- автор kyn.kz
- 22 тамыз, 2023
- 4.2k

Талдықорғандағы тергеу абақтысындаға журналист Думан Мұхаметкәрімнің жағдайы туралы адвокат Жалғас Сапарханова хабарлады.
Адвокаттың сөзінше ата-анасының келуіне жеңіл болу үшін Алматы қаласында орналасқан №72 мекемеге орналасу талабының орындалмай келе жатқанын айтты.
Журналист Думан Мухаммедкәрім 1 қыркүйекке дейін өз талабы орындалмаса, аштық жариялайтынын, саусағын кесетінін айтқан.
Бұған дейін де түрмеде саусағын кесуге әрекет жасағаны жайлы:
"Қапаста ешбір темір зат болмағандықтан, пластикалық затты алып саусағын шаппақ болғанда пластикалық зат сынып кеткен, нәтижесінде саусағы жырылып, көгеріп, ісіп кеткен”, – дейді Жалғас Сапарханова.
Еске сала кетейік, Думан Мұхаммедкәрім 21 наурыз күні алаңға шығатынын желіде хабарлап, өзгелерді де оған қосылуға шақырғаны үшін қамауға алынған.
Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстау облысында екі әкім есірткіге қатысы бар деген күдікпен ұсталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025
Алматыда жылу беру маусымы қашан берілетіні қашан басталатыны белгілі болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2025