Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының алты ауданында төтенше жағдай жарияланды
ашық дереккөзі
Құрғақшылықтан қурап қалған егістік көлемі 9 жарым гектарға жуықтапты

Жамбыл облысының алты ауданында ағын су тапшылығына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы бүгін облыс әкімдігі ресми хабарлады. Құрғақшылықтан қурап қалған егістік көлемі 9 жарым гектарға жуықтапты. Ал шығынға ұшыраған шаруа саны 300-ден асып жығылады, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Аймақтағы анықтау жұмысы әлі аяқталмағандықтан, айтылған сандар тек болжам ғана. Сондықтан бұл көрсеткіш қыркүйек айының бел ортасына дейін өзгеруі мүмкін. Алдын ала есеп бойынша, зардап шеккен диқандар шығыны 7 миллиардқа лрд жетеді. Қазір қожалықтарға тексеріс жүргізу мен олардан құжат жинау басталды. Ал қаржылай қолдау республикалық бюджеттен ақша бөлінгенде басталады.
 

"Төтенше жағдай алты ауданда жарияланып отыр: Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов, Байзақ, Жамбыл, Талас. Әр шаруа бойынша егілген дақылдың көлеміне сәйкес техкарта жасалынады. Ол Сол біздің арнайы ғылыми институттармен келісіліп, әр гектарға шығарылған шығынның көлемі есептелінеді. 15 қыркүйекке дейін осы жұмысты атқарамыз",-дейді  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары  Қанатбек Мәдібек.
 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар