"Ас үйде қоштасу хатын қалдырған":Түркістан облысында асылып өлмек болған қыз құтқарылды
- автор kyn.kz
- 23 тамыз, 2023
- 1.6k
Түркістан облысында тәртіп сақшылары өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Түнгі уақытта жас жігіт өзінің Түркістан облысында тұратын танысының өзін өлтіруге бекінгені жайлы полиция қызметкерлеріне хабарласады. Қызметкерлер қыздың тұрғылықты жерін анықтап, оқиғаның мән-жайын білуге барады.
Полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпай үй қақпасынан секіріп кіріп, айтылған жерге кіреді. Әйел қызының үйінде ұйықтап жатқанын айтады. Сонда да тексеруді жөн көріп қараса, бөлме бос. Ал, ас үйден қоштасу хаты табылған.
Бейбарыс Серікбаев қызды іздестіріп жүріп, үйдің төбесіне баратын баспалдақты байқайды. Онымен көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған қызды тапқан.
Қызға полиция қызметкерлері алғашқы көмекті көрсетіп, аяқ-қолдарын уқалап, жедел жәрдем шақырады.
Полиция қызметкерлерінің жылдам әрекетінің нәтижесінде 24 жасар қыз аман қалды. Қазір қыздың жағдайы тұрақты, оқиғаның барысы зерттелуде.