Ресейде 10 адам ұшақ апатынан көз жұмды, арасында «Вагнер» ЖӘК басшысы Евгений Пригожин бар
- автор kyn.kz
- 24 тамыз, 2023
- 8.7k
Ресей Федерациясы Тверь облысы, Куженкино елді мекенінің маңында Embraer ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, бортта 3 пилот пен 7 жолаушы болды, барлығы қаза тапты. «МНТ-Аэро» компаниясына тиесілі ұшақ Шеремьетево әуежайынан Санкт-Петербургке бет алған. Росавиация көз жұмған 10 адамның тізімін жариялады. Олардың арасында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен өзге де мүшелері бар.
Ұшақ апатынан көз жұмғандар тізімі:
- Евгений Пригожин;
- Дмитрий Уткин;
- Сергей Пропустин;
- Евгений Макарян;
- Александр Тотмин;
- Валерий Чекалов;
- Николай Матюсеев;
- Алексей Левшин (әуе кемесінің командирі);
- Рустам Каримов (екінші пилот);
- Кристина Распопова (бортсерік).
«Embraer-135 (EBM-135BJ) ұшағы ұшуын әуе кеңістігін пайдалануға белгіленген тәртіппен берілген рұқсаттың негізінде жүзеге асырды», - делінген Росавиация хабарламасында. ТАСС-тың ақпаратынша, «Embraer-135 (EBM-135BJ) «Вагнер» ЖӘК негізін қалаушы Евгению Пригожиннің бизнес санаттағы жеке ұшағы болған.