Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атыраудағы Кенбайда жалғыз оқушы үшін бір мектеп жұмыс істеп тұр

Атыраудағы Кенбайда  жалғыз оқушы үшін бір мектеп жұмыс істеп тұр
KTK арнасынан алынды
3-сынып оқушысын оқыту үшін 20 маман жұмыс істеп жатыр

Атырау облысына қарасты Кенбай ауылындағы білім мекемесі жалғыз оқушыға бола жұмыс істеп тұр деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі, KTK арнасына сілтеме жасап. 

Бала үшінші сыныпқа өткелі жатыр. Жалғыз бала үшін жұмыс істеп тұрған мектепте жалпы мамандар саны 20. Бала санының аздығына байланысты мектепті жабамыз депті. Тұрғындары білім мекемесі болмаса ауылымыз құриды деп алаңдап отыр. 

Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова : Қаржы жағынан алып қарағанда, бір балаға бірнеше қызметкер ұстап, бір мектепті ұстап тұру қиын. Халықтың ұсыныс пікірін ескеріп әрі қарай мәселені дұрыс шешуге талап қойғалы отырмыз.

"Күйеуімнің жалғыз жалақысымен кәмелетке толмаған төрт баламен қалада тұра алмаймын. Сол үшін осы жерде тұрып жатырмын. Мен ауылым деп шырылдап отырмын. Сол үшін мектепті жаппауын талап етемін. Бала жоқ, бала жоқ дейді. Бер жағында өсіп келе жатқан 10 шақты бала бар. Мектеп жоғалып кетсе, біздің ауыл құриды",-дейді ауыл тұрғыны Айсара Әбезбаева. 

Бір елді мекеннің білім ошағы болған бұл мектептің жабылуына Кенбайлықтар қарсы. Билік бұл ауылға көңіл бөлуі керек дейді.
Өсіп келе жатқан балаларын қалаға оқыта алмайтындарын ашық айтуда. 

Еске сала кетейік, осыдан 3 жыл бұрын мектептің жөндеу жұмысына 40 миллион теңге жұмсалынған. Ал, газ құбырын жүргізуге 2 млрд теңге бөлінген. Ауыл тұрғындары жан-жаққа тарап кетуден қорқады. Білім басқармасы бір бала үшін бір мектептің жұмыс жасатудың тиімсіз екенін айтуда.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар