Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырау мектептері жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударған

Атырау мектептері жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударған
tobolinfo.kz
41 адамның атына аударылған ақшаны бастықтар бөлісіп отырған

Атырау мектептері жұмыс істемейтін 41 адамға 90 млн теңге жалақы аударған, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті превенция басқармасының басшысы Жәнібек Қаражановтың айтуынша, білім саласында жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуға елеулі тосқауыл жасайтын жүйелі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

«Биыл білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді. Талдау нәтижесімен 10-ға жуық сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Осыған байланысты 26 ұсыным енгізілді. Атырау облысындағы 12 мектептен мемлекет игілігі үшін іс жүзінде жұмыс істемейтін 41 «өлі жанға» жалақы аударылып, шамамен 90 млн теңге шығын келтірілгені анықталды. Мемлекеттен қолдау ретінде бөлетін бюджет қаражаты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс. Өйткені, сапалы білім – табысты болашақтың кепілі», -дейді Жәнібек Қаражанов.

Анар
Автор

Анар

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар