Басты жаңалықтар
Үш сағат жұмысқа келмегені үшін қызметінен кеткен ер адам 2,3 миллион теңге өндіріп алды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:16
- 46
Оралда жұмыс орнында үш сағаттан астам болмағаны үшін қызметкер жұмыс берушіден 2,3 миллион теңгеден астам қаражат өндіріп алды. Ал қуылған жұмысына қайта қабылданды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, мекеме қызметкерді жұмыс орнында үш сағаттан астам болмағаны үшін жұмыстан шығарған.
Алайда тәртіптік жаза қолданар алдында жұмыс беруші одан жазбаша түсініктеме сұрамаған. Бұл - еңбек заңнамасында қарастырылған міндетті рәсім.
"Сот жұмыс берушінің әрекеті еңбек заңнамасының талаптарына қайшы келеді деген қорытындыға келіп, жұмыстан босату туралы бұйрықты заңсыз деп таныды", - делінген хабарламада.
Нәтижесінде қызметкер бұрынғы лауазымына қайта барды. Оның пайдасына мәжбүрлі түрде жұмысқа шықпаған уақыты үшін 2 315 515 теңге мөлшерінде орташа жалақысы, сондай-ақ өкілдің көмегіне ақы төлеу шығындары ретінде 350 000 теңге өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.




