Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жүрегім тынышталды":блогер Аяулым Жорабаева 23 араласпаған әкесімен табысып, екінші анасын қабылдады (видео)

"Жүрегім тынышталды":блогер Аяулым Жорабаева 23 араласпаған әкесімен табысып, екінші анасын қабылдады (видео)
инстаграм парақшасынан
Ата-анасы 23 жыл бұрын ажырасып кеткен

Блогер Аяулым  Жорабаева инстаграм парақшасына ерекше видео жариялады. Ол араға жылдар салып туған әкесін іздеп келген, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Блогердің күйеуі, танымал әнші Талғат Жорабаев та қайын атасымен енді танысқан.

 "Өз анашым мені түсінеді, әрі қолдайды... Не де болса, барлығымыз бір жеңілдеп қалды. Осыдан 23 жыл бұрын әкем мен анам өз қалауларымен екі жаққа кеткен болатын. Әкем екінші рет шаңырақ құрды, ол некеден тағы бір іні-сіңілім бар. Осы 2023 жылы әкеммен қарым-қатынасымды түзеп, арнайы қонақ болып, Тәкеммен қонаққа келдім... Әйгерімді (әкемнің екінші жары) толығымен түсініп, жүрегіммен қабылдадым... Бұл - тағдыр және менің анашым екеуі де өте жақсы қарым-қатынаста. Аллаға шүкір",- деп жазды Аяулым Жорабаева. 

Сондай-ақ ол туған жерінен жүрегі тынышталып қайтқанын жеткізді. 

"Себебі, әкем құшақтап, батасын беріп, шығарып салды. Енді тау қопаратындай күш-қуат алдым. Аллаға шүкір. Талғат екеуі сөйлесіп тұрғанын көрдім. Тәкем "папа" деп қояды. Әкемнің де жүрегі тынышталып қалған шығар",

- деді блогер. 

Естеріңізге сала кетейік, Аяулым Жорабаева бірнеше жылдан бері "Ыстық ұя" деп аталатын қор ашып, қайырымдылықпен айналысып келеді. Бүгінге дейін 34 "ыстық ұя" иелеріне табысталған.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар