Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арман Давлетяров ауылдастарына марқұм анасы тұрған үйдің орнына мешіт салып берді (видео)

Арман Давлетяров ауылдастарына  марқұм анасы тұрған үйдің орнына мешіт салып берді (видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Давлетяров: біз туған үй, адамдарға қызмет етеді

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Давлетяров анасы дүние салғаннан кейін өзі туған үйдің орнына үлкен етіп мешіт салдырды,  деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі

Осы үйде туып-өстіп, анасының да бар ғұмырын осында өткізгенін жеткізген Арман, мешітке өз анасының есімін берген.   

Бүгін бір жағынан мешіттің ашылу күні болған соң қуанышты, екінші жағынан көңілсіз күн деген тележүргізуші, анасының қасында емес екенін есіне алды. 

"Біз туған үй адамдарға қызмет етеді"-Арман Давлетияров.

Мешіттің ашылу салтанатына жиналғандар арасынан Ләйлә Сұлтанқызы да көзге түсті.

"Арман, жарайсың. Анаң болғанда сенімен мақтанатын еді", "Анаңнан жақсы естелік болып қаладығой", "Алланың алдындағы үлкен жетістік болмақ", "Нағыз анасын сүйген, сыйлаған Ер" деп өз пікірлерін білдірді. 

 


 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар