Қарым-қатынастың жақсы болу үшін , ер азамматтың махаббаты берік болу тиіс. Осы тұста ерлер қауымының жақсы көретінін мына іс-әрекеттерге қарап біле аласыз:
Сізді қуантуға асығады. Қуанту сыйлық сыйлау немесе күнделікті өмірде жылы сөздерді жиі айтуы. Сізді күлдіру үшін айтылатын әзіл-әңгімелер мен жасалатын амалдарда осы қатарда.
Сізбен бірге елестететін болашақ. Әңгіме барысында қыз бен жігіт болып сөйлесер сәтте үйлену, үй болуды қозғаса, үйленген соң бірге саяхаттау немесе басқа да бірге жасайтын жоспарлармен бөлісуі. Бұл іс-әрекет ол адамның сізбен бірге өз болашағын көретінін білдіреді.
Бір күні бар, бір күні жоқ болып кетпейді. Қарым-қатынастағы ең басты нәрсе оның тұрақтылығы. Бір күн жазып , 3 күн жоғалу сізді жақсы көретін жігіттің амалы емес. Ер азамат өзі сүйген аруды үнемі, тұрақты түрде жылы қарым-қатынаста болуды қалайды. Ұзақ сөйлесу үшін, ұзақ қыдыру үшін қолынан келгенін жасайды.
Ауыр сөздер, сіздің көңіліңізге тиетін әрекеттер жасамайды. Жігіт шын сүйсе, ол әрбір сөз бен іске өз сүйіктісінің алдында абай болады.
Сізді қорғайды, қамқор болады. Күн салқындаған кезде күртешесін ұсынып, біреу тиіссе, тиіскізбей қорғайды. Сіз туралы жаман әңгіме айтқызбайды.
Сізді өз сүйгені ретінде таныстырудан қашпайды. Керісінше, мақтана айтып жүреді.
Сіздің сөзіңізді көңіл бөліп тыңдайды, әңгіме барысында сөзіңізді бөліп тастамайды. Бұл құрметтің белгісі. Сүйген жігіт міндетті түрде өз аруын құрметтейді.