Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Вандал атанып, балғамен қашап жазу жазған шенеулік кешірім сұрады

Вандал атанып, балғамен қашап жазу жазған шенеулік кешірім сұрады
Kyn.kz
Шатқалға есімін қашап жазған адам табылды

Ыбықты сайда вандал атанып, балғамен жазу жазған ақтөбелік шенеунік Манас Көшербаев кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі

Бірнеше күндері бұрын шатқалға құрылыс заттарымен  есімін қашап жазып жатқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді.  Желі оқырмандары бұл істі дұрыс көрмей, ашуланып, кім екенін полиция қызметкерлері іздеген .

«Мен Көшербаев Манас Маратұлы! 24 тамызда Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Ыбықты сай жерінде болған жағдайға байланысты видеоүндеу жариялап отырмын. Ыбықты сай – Маңғыстаудың ең көркем, ең керемет жерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған, жол өте нашар. Жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірлерде түрлі жазулар, әдепсіз әрі дөрекі сөздер көп. Сондай дөрекі сөздерді әдемі есімге айналдырмақ ниетім болды. Аңдаусызда жаза бастым, Ағайын. Жаңлымайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Аса қатты сөкпеңіздерші. Тарихи жәдігерге қыл да болса қиянат қылу ойымда болған жоқ. Маңғыстаудың жұртының, отандастарымның алдында басымды иіп кешірім сұраймын. Ғафу етіңіздер, ағайын!» - дейді ол әлеуметтік желіде.

 

Бұған дейін де Маңғыстау облысында шатқалға  есімін қашап жазған вандалдың Ақтөбенің мәдениет қызметкері болғаны анықталған еді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар