Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда Сharity Music Run спорт және музыкалық көңіл күй фестивалі өтеді

Алматыда Сharity Music Run спорт және музыкалық көңіл күй фестивалі өтеді
Алматыда қала күніне орай жарқын оқиға күтілуде – 10 қыркүйекте жыл сайынғы Charity Music Run музыкалық қайырымдылық жүгіру жарысы өтеді

 Жарыс дәстүрлі отбасылық мерекеге айналды, өйткені ол қаланың ең қауіпсіз және көркем жерлерінде
өтеді және дене шынықтыру деңгейі әр түрлі қатысушыларға өте ыңғайлы. Мысалы, бұл
ең жас жүгірушілерге арналған – екі шақырым қашықтығы бар жалғыз ғана іс-шара. Іс-
шараға балалармен бірге сенімді түрде баруға болады, олар үшін аниматорлардың
қатысуымен, көлемді ойын-сауық бағдарламасы дайындалуда.

Әрине, алаңда мерекеге қатысушылар мен қонақтар үшін тамақтану ұйымдастырылады.
10 қыркүйек – жексенбі. Сондықтан Charity Music Run таза ауада белсенді демалыс
күнін жағымды музыкамен өткізудің тамаша тәсілі. Іс-шараның басты ерекшеліктерінің
бірі ол музыкалық сүйемелдеу – Charity Music Run сахнада да, бүкіл жарыс жолы бойында
орналасқан алаңдарда да өнер көрсететін, ең танымал репертуары бар топтарды
шақырады. Шара өткізілетін орын – Almaty Arena. Ең маңыздысы – Charity Music Run
2023 қаланың белсенді бөлігінің өміріне бөгет келтірмейтіндей етіп жоспарланған –
ұйымдастырушылар қалалық ортаның жайлылығына барынша көңіл бөледі.

Жүгіру жарысы туралы қосымша ақпаратпен: www.nurbankmusicrun.kz. сайтында танысуға болады.


Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жүгіру жарысына дұрыс дайындықты да еске
салады. Атап айтқанда, «Экстремалды Атлетика» ҚБ директоры Тимур Артюхин жүгіру
алдында жарыс жолын мұқият зерделеп, денеге түсетін жүктемені жоспарлауға кеңес
береді. «Алты маңызды кеңес. Қашықтықты мүмкіндігіңізге сәйкес таңдаңыз. Жаттығу
процесінде дене қыздыру амалдарын жасаңыз. Жаттығу режимін сақтаңыз – бір күндік
үзілістермен бірнеше мәрте жүгіріңіз. Ауа-райын ескере отырып, ыңғайлы спорттық
жабдықты таңдаңыз. Жүгіруге ыңғайлы уақыт пен орынды таңдаңыз. Әрине, жүгіру
кезінде құлаққапты пайдаланбаңыз», - дейді Артюхин.
Жарыстың тағы бір ерекшелігі – оның қайырымдылық іс-шарасы болып
табылатыны. Charity Music Run 2023 қатысушылары балаларға қолдау көрсетуді
жалғастыруда. Дәстүр бойынша тіркеуден және демеушілік көмектен жиналған барлық
қаражат Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы (ПжБХҒО) үшін қажетті
медициналық жабдықтарды сатып алуға жіберіледі.
«Біз осы іс-шараға әрбір жанашыр адамды қатысуға шақырамыз. Charity Music Run
2023 қайырымдылық жүгіру жарысының тұжырымдамасын есте ұстаған жөн: әрбір дауыс,
әрбір жарна бізді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының
реанимациялық бөлімшесін медициналық және инфрақұрылымдық жабдықтардың ең
сұранысқа ие позицияларымен қайта жарақтандырудың басты мақсатына жақындатады»,
– дейді ұйымдастырушылар.
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдан бастап (жүгіру жарысын өткізудің бірінші
жылы) қатысушылар мен демеушілердің арқасында балалары онкологиялық бөлімшеде
емделіп жатқан ата-аналарға арналған балаларды шомылдыру және душ бөлмелері
жөнделді. 2019 жылы жүгіруден алынған қаражатқа сүйек кемігінің дің жасушаларын алу
және сақтау рәсімін жеңілдету үшін жабдықтар кешені сатып алынып, Орталыққа берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Орталық оның негізінде сүйек кемігі жасушаларын
трансплантациялау бойынша күрделі операциялар жасауға болатын медициналық
ұйымдардың бірі болып табылады. Бұл процедура балалардың онкологиялық ауруларын
емдеуге бағытталған шаралар кешеніне кіреді.
Charity Music Run 2022 қатысушыларының тіркеу жарналары мен демеушілік
көмегінің арқасында биылғы жылы операциядан кейінгі оңалту процесінде пациенттердің
денесінің жайлы жағдайын қолдауға қабілетті алты көпфункционалды кереует сатып
алынып, ПжБХҒО-ға берілгенін айта кетейік. Олармен Орталықтың реанимациялық
бөлімшесі жабдықталды. «Белсенді, салауатты өмір салтын ұстанатындарды және жүгіру

жарысына көңіл бөлетіндердің барлығын шақырамыз – біз бірігіп пайдалы және игі іс
жасаймыз», - дейді ұйымдастырушылар оқырмандарға.
Charity Music Run 2023 әр қатысушы үшін ашық және бұл ұсынылған қатысу
шарттарында көрінеді. Жоғарыда айтылғандай, бірінші санат – екі шақырым. Бұл
қашықтық жетіден 14 жасқа дейінгі балаларға арналған. 15 жастан бастап, үлкенірек
жастағы адамдар үшін –– 5 немесе 10 шақырым жүгіру, скандинавиялық жүріс. Сондай-ақ
«Корольдік класс» - 21 шақырым қашықтық. Маңызды мәлімет – ұйымдастырушылар
студенттер үшін тіркелуде жеңілдіктер қарастырды. Әрине, барлық жеңімпаздар мен
қатысушылар үшін, олардың арасында фитнес-клубтар, мейрамханалар және спорттық
бағыттағы сауда желілері бар Сharity Music Run 2023 демеушілерінен бағалы сыйлықтар
қарастырылған.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар