Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қандала мен тарақан өріп жүр": Астана медицина университетінің студенттері шағымданды

"Қандала мен тарақан өріп жүр": Астана медицина университетінің студенттері шағымданды
Ашық дереккөзі
Студенттер: Жатақхана жиһаздары ескі

Астана медицина университетінің студенттері жатақханада жағдай жасалмаған айтып шағымданды,-деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі

Олардың айтуынша, оқу орнының жатақханасында жағдай мүшкіл. Бөлмелері тар, 3 адам жататын бөлмеге 4 адамды орналастырған.

Жиһаздары да ескі. Бір үстел мен бір шкаф қана қойылған. "Бұл төрт адамға қалай жетеді?",-дейді студенттер.

Тағы бір қызығы, мұнда  ұлдар мен қыздарды бөліп жатқызбайды. Барлығы араласып жатыр. 

Студенттердің сөзінше, жатақханада қандала, тарақан өріп жүр. Бөлмені қанша уласа да нәтиже жоқ. 

"Бұл мәселеге құзырлылар назар аударса" дейді. Бірақ мұны жариялаған студенттерді  қудалап, оқу орнының басшылығы қысым көрсетіп жатқан көрінеді.

 

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар