Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қожайын жасырын камералардың арқасында үй қызметшісінің "Қос өмірі" туралы білді

Қожайын жасырын камералардың арқасында үй қызметшісінің "Қос өмірі" туралы білді
Hidden camera, Barbara Krasnoff/theverge
Қытайда әйел үйге камералар орнатып қызметшісінің шынайы кейпін көрді.

Қытайдың Шэньчжэнь қаласының тұрғыны үйге жасырын камера орнатып,  үй қызметшісінің  екі түрлі өмірін білді.

Ерлі-зайыптылар балаға қарайтын күтуші іздейді. Ванг ұзақ уақыт бойы дұрыс үміткерді іздеп,  ақырында балалармен үш жылдық тәжірибесі бар 20 жастағы қызды жалдады. Күтуші балаға жақсы күтім жасап қана қоймай, Ванға үй шаруашылығына да көмектесті.

Уақыт өте келе қыз отбасымен жақын болды, ал Ван оның жұмысына риза болып, оған сыйлықтар мен тәттілер бере бастады. Алайда,Ванг біреудің дәретхана керек-жарақтарын пайдаланғанын, сондай-ақ төсегінде ұйықтайтынын байқай бастады. Ван бұл туралы үй қызметшісіне күдіктенді, өйткені оның жастығынан тапқан шашы қыздың шашына ұқсас түсті болды. Әйел үй қызметшісімен сөйлесіп,қызметшісі оның заттарын қолданғанын мойындады. Қызметші кешірім сұрап, әрі қарай жұмысын жалғастырады.

Біраз уақыттан кейін әйел жастықтың астынан басқа біреудің қызыл іш киімін тауып алады. Ван оны үй қызметшісі тастап кетті деп болжап, оның әрекетін бақылау үшін бүкіл үйге жасырын камералар орнатуды шешті.

Екі күннен кейін әйел қыздың уәдесін бұзып, тағы да заттарын пайдалануды жалғастырғанын білді. Үй күтушісі  Вангтың киімін де киген. Сонымен қата, Ванг қызметшінің үйге ер адамды  әкелгенін біледі. Үй қызметкері онымен жыныстық қатынасқа түскен. Бала ол кезде ұйықтап жатқан. Ванг сонымен қатар қызметшінің үйінде рұқсатсыз кештер өткізетінін анықтады. Әйел үй қызметшінің шынайы кейпін ашқаннан кейін  жұмыстан шығарды.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар