Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көпшілікке вандал ретінде танылған ақтөбелік шенеунік қызметінен кетті

Көпшілікке вандал ретінде танылған ақтөбелік шенеунік қызметінен кетті
ашық дереккөзі
Манас Көшербаев өз әрекеті үшін халықтан көзіне жас ала тұрып кешірім сұраған еді

Вандалдық әрекетімен танымал болған Ақтөбедегі зағиптарға арналған мәдениет үйінің басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды, КYN.KZ  тілшісі.

Бұл жөнінде Ақтөбе облыстық әкімдігі хабарлады.

"Ақтөбедегі зағиптарға арналған мәдениет үйінің директоры Маңғыстау облысындағы вандализм оқиғасынан кейін жұмыстан шықты. Ол өз еркімен өтініш жазды", - деді Ақтөбе облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алтынай Юнусова

 

 Бұған дейін ыбықты шатқалына есімін құрлыс құралдарымен қашап жазып жатқан жерінен ұсталған шенеунік елден осы әрекеті үшін кешірім сұраған еді. Көпшілік  "мәдениет үйінің  басшысы осында мәдениетсіздікке барса, басқалардан не күтуге болады" деп сынаған еді.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар