Министр Дүсенова: тәжік жәрмеңкесіндегі астаналықтардың қылығынан көңілім қалды
- автор kyn.kz
- 29 тамыз, 2023
- 2.9k
Вице-премьер – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова астаналықтардың жәрмеңкедегі іс-әрекеттеріне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі
"Шынымды айтсам, менің де көңілім қалды. Қазақстандықтар әрдайым өз мәдениетімен, толеранттылығымен, ұстамдылығымен ерекшеленетін. Бізде бәрі жаман деп айта алмаймын. Ол жерде барлық қазақстандық өздерін солай ұстаған жоқ қой. Иә, белгілі бір адамдар болды, сол себепті бізге өзімізді тәрбиелеу керек шығар", -деді Тамара Дүсенова
Осы оқиғаға байланысты халықаралық қоғамдастықтың Қазақстандықтар жайлы көзқарасы өзгермей ме деген журналистер сауалына "Мұндай келеңсіз жайттар бізде ғана емес, басқа елдерде де болып жатады. Біз, қазақстандықтар, еліміздің имиджіне жауап беретінімізді естен шығармауымыз керек"-деп жауап қатты министр.
Астанада өткен жәрмеңкедегі видеолар әлеуметтік желіде тарап, түрлі пікір айтылуда. Астанада өткен бұл іс-шарада астаналықтардың іс-әрекеті сынға ұшырады