Тамара Дүйсенова оқу жылы неліктен қайтадан 25 мамыр аяқталатынын түсіндірді
- автор kyn.kz
- 29 тамыз, 2023
- 2.4k
![Тамара Дүйсенова оқу жылы неліктен қайтадан 25 мамыр аяқталатынын түсіндірді](https://kyn.kz/uploads/resized-images/2023/08/1693304025.jpeg)
Дүйсенова министрлер кабинетінің кулуарында оқу жылын не үшін 25 мамырда аяқтау туралы шешім қабылданғанын түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі
"Мен бұл туралы (алдағы оқу жылы 25 мамырда аяқталатыны – ред.) мәлімдеген болатынмын. Атап өткім келетіні, балалар 36 аптадан 40 аптаға дейін оқиды – бұл әлемдік тәжірибе. Бірақ бұған дайындалу керек. Оның ішінде оқу бағдарламасы, ұйымдастыру жұмыстары бар, оған инфрақұрылымды қосыңыз. Сондықтан біз келесі жылды 34 апталық оқу жылымен, яғни, 25 мамырда аяқтаймыз деп шешім қабылдадық",-дейді Тамара Дүйсенова
Онымен қоса көптеген жаңа мектеп салынып жатқанын айта кеткен Тамара Дүйсенова үш мерзімді мектептердің мәселесін шешіп жатқанын хабарлады. Мектепте бір сыныпта 25-30 бала оқи алатындай инфрақұрылыммен қамтуға дайын болу керектігін жеткізді.