Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқынның өзін кинодағы серігінен қызғанатынын айтты

Жұлдыз Өмірғали жұбайы Айқынның өзін кинодағы серігінен қызғанатынын айтты
Ашық дереккөзі
Актриса: әлі қаны үйренген жоқ

Актриса Жұлдыз Өмірғали өзі түскен толықметражды "Менің үйім қайда?" фильмнің көрсетіліміне жалғыз келді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі

Жұлдыздың жабық көрсетілімге жалғыз келуінің себебі бар. Күйеуі Айқын балаларды қарап, үйде қалған. Ал жаңадан шыққан фильмде атыраулық жігіттің әйелі болып ойнайтын Жұлдыз Өмірғали күйеуінің қызғанышы әлі басылмағанын жеткізді. 

"Үйренгенде... Енді оның әлі қаны үйренген жоқ. Ер адам болған соң, отбасы болған соң, қызғаныш сезімі болады. Сценаристерге рахмет. Құшақтасу, сүйісу деген сахналар болған емес. Барлығы қарапайым. "Жаным, жаным" деп сөйлейтіні бар",

- деді Өмірғали. 

Айта кетелік, бұған дейін Айқын Төлепберген жұбайы Жұлдыз түсетін фильмдерді ерекше зерттеп, оның ашық сахналарға түсуіне рұқсат бермейтінін мәлімдеген еді. Бұдан бөлек жары түскен фильмдерді мүлде көрмейтін болып шықты. 

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар