Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

31 тамыздың ауа райы

31 тамыздың ауа райы
Ашық дереккөзі
Еліміздің солтүстігінде күн қатты суытады

"Қазгидромет" РМК синоптитері 31 тамыздың ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Мамандардың айтуынша,  солтүстікте күн қатты суытады. Жаңбыр жауып,найзағай болып, дауыл болып, кейбір қалаларда бұршақ күтілуде. Бұл ауа райы қолайсыздығы қыркүйек айының алғашқы күндеріне дейін еліміздің біраз бөлігінде жалғаспақ. 

Тұрақсыз ауа райы кезінде ауа температурасы  түсіп, әсіресе еліміздің солтүстігінде күн қатты суытады.  Ауа температурасы күндіз 10-18 градусты көрсетсе, түнде 5-10 градусқа дейін төмендейді. 

Ал, еліміздің батысында ауа температурасы басқа қалаларға қарағанда жоғары, жылы болады екен.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар