Басты жаңалықтар
Конституция күніне орай 1 реттік көмекті кімдер алатыны айтылды
- автор kyn.kz
- 31 тамыз, 2023
- 2.6k
Ақшалай көмек Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Маңғыстау облысы, Абай облысының тұрғындарына беріледі.
Конституция күнінің құрметіне әлеуметік осал топ өкілдеріне 1 реттік ақшалай көмек беріледі деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK каналына сілтеме жасап
Астанада 8625 тенгеден - 5000 адамға беріледі.
Қарағандыда 20.000 мыңнан мүмкіндігі шектеулі 2624 балаға берілсе, соғыс ардагерлеріне 20.000 мен 140.000 арасында 1821 адамға беріледі.
Ақтөбеде 50мыңнан 23000 адамға беріледі.
Маңғыстау облысында мүмкіндігі шектеулі 31529 бала мен мүгедектігі бар 7219 балаға 17250 тг беріледі.
Абай облысында 15 мың теңгеден 1-2 топтағы мүгедек 2484 адаммен, 18 жасқа дейінгі 2751 балаларға көмек көрсетіледі.
Әзірше көмек берілетін қала мен әлеуметтік топ осылар.