Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырады

Мөлдір Әуелбекова жол апатына ұшырады
Инстаграм парақшасынан алынды
Мөлдір Әуелбекова: қандай жағдай болмасын жұмыста күліп жүруге тура келеді

Әнші Молдір Әуелбекова әлеуметтік желіде жол апатына ұшырағанын айтты деп  хабарлайды KYN.KZ тілшісі

Жұмыс барысымен жолға шыққан әнші Мөлдір Әуелбекова жолда апатқа ұшырап, абай болуға шақырды. Экс  кешью тобының мүшесі өз оқырмандарымен үнемі бастан өткен оқиғаларын бөлісіп жүреді. Кезекті бұл оқиғасы жайлы Инстаграм қосымшасында жазды. 

"Бүгін жол апатына ұшырадық. Соған қарамастан, жұмыста күлімсіреп жүруге тура келеді. Аллаға шүкір, бәріміз аманбыз. Жолда абай болайық", - деді Әуелбекова.

Орамалдағы әншінің түрді стильдегі киімдері көпшіліктің назарын аударуда. Өз жұмысын орамалда болса да әдемі атқарып жүрген әнші инстаграм желісінде де өте белсенді. Тамыз айынның 10 жұлдызында  37 жасқа толған Мөлдір Әуелбекованың инстаграмда 3 млн оқырманы бар. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар