Павлодарда I санатты хирург 5 жасар баланы сүндеттеймін деп жыныс мүшесінің басын кесіп алған
- автор kyn.kz
- 31 тамыз, 2023
- 4.6k
Хирург бала мүшесінің бас жағын кесіп жіберген, сонымен қатар зәр шығару жолы мен үрпісін зақымдаған. Павлодарлық телеграм каналдардың бірінде 5 жасар баланың анасы хирургке шағымданды, деп жазды KYN.KZ тілшісі Sputnik басылымына сілтеме жасап.
"2023 жылдың 23 тамызында Павлодар облыстық ауруханасына бес жасар баламды сүндетке отырғызу үшін әкелдім. Алайда дәрігер қателісіп, қылмыстық немқұрайлық танытып, ұлымның жыныс мүшесінің бас жағынан үштен бір бөлігін кесіп тастады. Хирургия бөлімі меңгерушісінің өзі мұның дәрігерлік қателік екенін мойындады", — деп жазды ата-ана.
Қазір ұлы екеуі Астанадағы ана мен бала орталығында жатыр. Баланың жағдайы ауыр, екі катетер қойылған, зәр шығару жолы мен үрпісі зақымдағандықтан, дәрігерлер ештеңе айта алмай отыр.
Баланың анасы денсаулық сақтау министрінен, сондай-ақ Бала құқықтары жөніндегі уәкілден өз өтінішін жедел түрде қарастыруды сұрады. Ол баласының денсаулығын қалпына келтіру шараларын қабылдап, кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.
"Аталған факті бойынша Денсаулық сақтау басқармасында комиссия құрылып, қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деп атап өтті ведомство.
Сонымен қатар олар бұл операцияны жасаған маманның 13 жылдық еңбек өтілі бар екенін, сонымен қатар "Балалар хирургиясы" мамандығы бойынша I біліктілік санатын алғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта дәрігер операциядан шеттетілді. Бала Астанадағы Ана мен бала орталығының урология бөлімінде жатыр, жағдайы бірқалыпты", - делінген денсаулық сақтау басқармасының жауабында.
2012 жылы Қарағандыда дәл осындай жағдай болып, дәрігер сүндетке отырғызу кезінде 5 жасар баланың жыныс мүшесінің басын кесіп алған болатын. Ол кезде дәрігерлер мүшенің кесілген бөлігін тігіп берген, бірақ отадан пайда болмады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандықтар енді дәрігердің қатесі үшін төлем ала алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 4 қараша, 2024
Алматыда қолдан жасалған шарап ішкен ер адам уланып қалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 31 қазан, 2024