Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаев жол жөндеудегі былықтарды айтты: бәсеке жоқ, жемқорлық басқан

Тоқаев жол жөндеудегі былықтарды айтты: бәсеке жоқ, жемқорлық басқан
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы үкіметке жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды міндеттеді.

Президент жол жөндеу жұмыстары мен компаниялардың көрсетіп жүрген нәтижелеріне шүйлікті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

«Қазақстан темір жолын» толыққанды көлік-логистика компаниясы етіп қайта құру жұмысын жуық арада аяқтау қажет. Сондай-ақ автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс. Қазір оның сапасы сын көтермейді. Тиісті жұмыстар уақтылы және сапалы жасалмайды. Жемқорлық белең алып тұр, бәсеке де жоқтың қасы. Мұның бәрі – осы салада әбден тамыр жайған кемшіліктер», – деді Тоқаев халыққа Жолдауында.

Мемлекет басшысы үкіметке жыл соңына дейін нақты шаралар қабылдауды міндеттеді.

«Міндетін адал атқармаған барлық компания заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл мәселеге мен баса назар аударамын. Бақылауды күшейтіп, жаңа нормативтік құжаттар қабылдау керек. 2029 жылға дейін 4 мың шақырымнан астам жолға күрделі жөндеу жүргізу қажет», – деді президент.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар