Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын" Әбдіжаппар Әлқожа әйеліне көлік сыйлады (видео)

"Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын" Әбдіжаппар Әлқожа әйеліне көлік сыйлады (видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Әбдіжаппар: Үйленгенімізге 9 жыл болса да, сені дұрыстап құттықтай алмаппын.

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа әйеліне жаңа көлік сыйлады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жарының туған күнінде танымал әнші көлік сыйлады. Бұл жаңалығымен инстаграм парақшасында бөлісті.  Туған күнді ерекше ұйымдастырып, достарын шақырған.

"Махаббатымның бәйбішесі туған күнің құтты болсын!Үйленгенімізге 9 жыл болса! 9-жыл сені бір де бір жыл дұрыс құттықтап, қасыңда болмаппын.

Осы жылы, осы жолы барынша қуантуға тырыстым.

Сен менің жан дүниеме керексің

Оригиналым",-деп жазба жариялады Әбдіжаппар Әлқожа.

 

"Құтты болсын игілігіне мінсін", " көк ала қойдай сабайтын емес, көлік сылап қуантатын жігіттер өте бай болсын", "Алла тіл көзден сақтасын", "жұптарың жазылмасын","бірге қол ұстасып өмірде бақытты болыңыздар" деп оқырмандары жылы лебіздерін білдірді. 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар