Шымкентте 3 жасар баланың саусағын ет тартқыш шайнап тастады

Балаға ота жасалып, 3 саусағы жарамсыз болып қалды

Видеодан кадр

Шымкентте 3 жасар бала ет тартқышқа қолын салып саусақтарынан айырылды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі KTK каналына сілтеме жасап

"Үстелге шығып алып, ет тартқышқа қолын тыққан. Тоққа тығып, үш бармағын айналдырып алып кеткен", - дейді баланың әжесі. 

Саусақтарын ет тартқыштан ала алмаған соң арнайы мамандарды шақырып, алғызады. Мамандар балаға дәрі беріп ұйықтатқан. Ет тартқышты құралмен кесіп баланың қолын алып, дереу ауруханаға жеткізді. Бала алдағы 1 апта бойы ауруханада емделеді. 

"Бас бармағы, сұқ саусағы сақталған. Қалған 3ші, 4-ші, 5-ші саусақтары толық ампутацияланды. Ет тартқыштың ішінде бармақтары шайналып, езіліп кеткен. Ол саусақтарын сақтау мүмкін емес, жарамсыз боп қалған. Ота жасалды",- дейді дәрігер Ержан Байдуллаев

Loading...