Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бағдат Мусин: Астана мен Алматы тұрғындары қазан-қараша айларында интернет жұмысының жақсарғанын сезеді

Бағдат Мусин: Астана мен Алматы тұрғындары қазан-қараша айларында интернет жұмысының жақсарғанын сезеді
Tele2/Altel
Осы күзде интернет сапасы айтарлықтай жақсаратынын айтты.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Астана мен Алматы қалаларында осы  күз мезгілінде интернет сапасының айтарлықтай жақсаратынын  айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Парламенттің бірлескен отырысының аясында журналистер Қазақстанның интернеті бар it-елге қалай айналуға ниетті екенін, оның сапасына қазақстандықтар күн сайын шағымданатынын жеткізген. 

"Интернет, әрине, жақсартуды қажет етеді. Интернеттің сапасы Үкіметтің ерекше бақылауында. Кеше мен байланыс операторларымен кездесу өткіздім. Бізде жаңғыртудың негізгі жоспарлары қазан-қараша айларына бағытталған. Қазан-қараша айларында Астана мен Алматы тұрғындары айтарлықтай жақсарады деп ойлаймын", – деді Бағдат Мусин.

Министр айтқан мәліметке сай, қазірдің өзінде 150-ге жуық станция бар, 2023 жылдың соңында  бұлардың саны артады. 5G% енгізілуімен  елде интернет сапасының жақсаратынын айтып Бағдат Мусин сөзін түйіндеді.

 

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар