Бекболат Тілеуханның бұрынғы келіні ажырасқандарды "қоғамның соры" деген Әйтеноваға жауап берді(фото)
- автор Akarman K
- 1 қыркүйек, 2023
- 12.9k
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Тоғжан Қожалы ажырасқан әйелдер қоғамның соры деген журналистке өз инстаграм парақшасында жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Мен біздің әйелдердің көп жағдайда мейірімді және дана екеніне сенемін және білемін.
Біздің әйелдер өз шешімдерін ойланып, батыл қабылдайтынын нақты білемін.
Күн сайын мен біздің әйелдердің қиындықтарға қаншалықты икемді және төзімді екенін көремін.
Біздің әйелдер ажырасуға бар сенімі, төзімі, шыдамы таусылған кезде ғана барады.
Ажырасу-бұл әйелдің отбасылық өмірінде және балаларының тағдырында амалсыз жасайтын амал.
Ажырасу - бұл әрқашан өзін әйел ретінде құтқаруының соңғы амалы болып табылады.
Ажырасу-бұл жан мен жүректің ауруы.
Ажырасу-бұл махаббат пен отбасы туралы күйреген армандар.
Егер ажырасқан әйелді қор санайтын болса, онда менің айтарым жоқ.
Егер арамызда бұндай әйелдерді жек көретіндер бар болса, өкінішті.
Алла оған Төреші.
Бірақ Құдай сақтасын, оның сөздері ажырасқандарды осылай айыптап, ұрып-соғуға, қорлауға, сатқындыққа төзуге "ұрады, себебі сүйеді" деген түсінік қалыптастыруына түрткі болса.
Құдай сақтасын,оның сөздері ата-аналарға "Енді қайтесін, ұрса шыда. Үйге қайтып келуші болма. Есік жабық" деп айтуға себеп болса. Құдай сақтасын "ажырасқан" деген ат біздегі ең жаман қоғам тобы болса. Құдай сақтасын, мұндай жеккөрушілікке толы әйелдер бізде қалыпты болса. Құдай бәрімізге даналық, мейірімділік, жанашырлық беріп, нағыз еркектердің жанында көп-көп бақытты әйелдердің болуын жазсын",-дейді Тоғжан Қожалы.
Әлеуметтік желіге тараған Меруерт Әйтенованың сөзін қолдағандар да, наразы болғандар да көп. Қарсы келген қоғам белсендісінің оқырмандары да Тоғжан Қожалы қолдап, өз пікірдерін білдірді.