Тоғжан Қожалы : оқушы мектепке хиджап тұрмақ жалаңаш келемін десе де рұқсат беруіміз керек (видео)
- автор Akarman K
- 1 қыркүйек, 2023
- 6.9k
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Тоғжан Қожалы оқушы мектепке хиджап тұрмақ жалаңаш келемін десе де рұқсат беру керектігін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
"Ертен орамал таққаны үшін мектепке бармайтын болса, бізде оқымаған радикалды топтар пайда болады. Бізге білімді бәріне беру өте маңызды. Бұл қыз демократиялық елде тұрып жатқанын біліп еркін кейін осы үшін жазаланып немесе буллингке ұшырап қалмайтынына сеніп мектепке баруы керек. Бізге ол хиджапта немесе хиджапта емес екені маңызды болмауы керек. Біз бұған назар бөлмеуіміз де керек. Бұл адамдар өзін қор сезінбеуі үшін. Егер олар өзін қор сезінсе, оларды дұрыс түсінік қалыптаспайды. Сосын қоғамда түрлі топтар пайда болады.
Кез келген киіммен баруға болады. Ол оның құқұғы",- деді Тоғжан Қожалы.
Мектепке орамалмен бару тақырыбы бірінші рет қозғалып тұрған жоқ. Қоғам белсенділері мен билік басындағылар бұл тақырыпта түрлі ойлары мен шешімдерін жеткізуде.