Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Меруерт Түсіпбаева: Мен сұлулығым мені бақытты етті деп айта алмаймын

Меруерт Түсіпбаева: Мен сұлулығым мені бақытты етті деп айта алмаймын
Инстаграм желісінен алынды
Әнші талай жыл бойы ғашық болған адамын айтып, жан сырымен бөлісті.

Қазақстанның жарық жұлдызы Меруерт Түсіпбаева жан сырын ақтарды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

The Suhbat бағдарламасында ағынан жарылған әнші өз сұлулығын бақытты болуына көмегі тимегенін айтты. Бақыттың сұлулыққа мүлде қатысы жоқ екенін жеткізді. 

"Талай жылдар бойы бір адамға ғашық болдым деп жаздым ғой. Мен сұлулығым мені бақытты етті деп айта алмаймын. Сұлулық адамды бақытсыз ететін сәттер болады деп айта аламын. Сұлу болу деген - бақытқа бір қадам басу деген сөз емес. Сұлу әйел де бақытсыз бола алады. Кейде сұлулығы жоқ адамдар бақытты болып жүреді", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, әнші Меруерт Түсіпбаева инстаграм желісінде өте белсенді. 300 мыңнан астам оқырманы бар. Өз пікір, ойын, жан сырын оқырмандарымен бөлісіп отырады.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар