Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Мен бақытын түйірлеп теріп жинаған әйелмін ғой": Тамара Асар көпшілікке жан сырын ақтарды

"Мен бақытын түйірлеп теріп жинаған әйелмін ғой": Тамара Асар көпшілікке жан сырын ақтарды
Инстаграм
Әнші: Құбылаға қарап жайған алақанымды Құдай бос қайтармады

45 жасында ана атанған Тамара Асар бүгінде кенжесінің екі жасқа толғанын хабарлап, оны дүниеге әкелген сәтті есіне алды. Сөзінше  алғашында жүктілігін елге айтпай ұялып жасырған. Ана атанған сәтін әдемі суреттеген әнші, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Мен бақытын түйірлеп теріп жинаған әйелмін ғой. Құбылаға қарап жайған алақанымды Құдай бос қайтармады, шүкір! Ажартайды босанған бойда дәрігер әкеліп, кеудеме баланы қоя салып, омырауды алуды үйретті. Өзім дірілдеп жатып, көзімнің жасымен жарысып, ыңылдаған әлди әнімді айттым. Бір Алланың бергені, Бапасынан көргенім. Аққамбарға ергенім, Жүгіріп-жүгіріп тергенім дееп шалқамнан жатып қайталай бердім. Бетімді жуған жас құлағымды бітеп, тамып жатты", - деп жазды Тамара Асар. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар