Мәдениет
Темур Балымбетов туған күнінде екінші рет әке болды (фото)
- автор Akarman K
- 4 қыркүйек, 2023
- 2.1k
Темур: Алла мен жарымның туған күніме ең күшті сыйлығы.
Темур Балымбеков туған күнінде әке болды деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Өзінің бұған дейін екінші рет әке болуын елестете алмайтынын айтқан танымал тұлға, бұл жаңалығымен инстаграм парақшасында бөлісті. Жарына махаббаты үшін рақметін білдіріп те үлгерді.
"Қош келдің, ұлым. Сен бүгін 4 қыркүйек күні өмірге келуді шештің, Алла мен сенің анаңның менің туған күніме берген ең үлкен сыйындай. Біз және бауырың сені шексіз жақсы көреміз балам!",- деп жазба жариялады Тимур.
"Бауы берік болсын", "ооо сыйлық деп осыны айт", "ұлды болғаның құтты болсын", " өзім туғандай қуанып отырмын", "сәбидің бауы берік болсын" деп әлеуметтік желіде оқырмандары жүрек жарды лебіздерін айтуда.