Мәдениет
"Өлейін деп жүрсің ба?": Сатирик Асқар Наймантаев сяси әзілдері үшін түрлі қорқытуларды көргенін айтты
- автор kyn.kz
- 4 қыркүйек, 2023
- 4.5k
Асқар Наймантаев: Өнер мен дінді байланыстыруды қою керек
Сатирик Асқар Наймантаев саяси астары мен зілі ауыр әзілдері үшін өз өмірі мен отбасына қауіп төндіргендер болғанын айтты, деп жазды KYN.KZ тілшісі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
"Өлейін деп жүрсің бе?!", «Бала-шағаң бар емес пе?», «Онда нең бар?» деген сынды түртпектеудің талайын естігенмін. Менің мұндай сөздерге тіпті құлағым да үйреніп кеткен",-дейді сатирик.
Асқар наймантаев бұдан бөлек сахнадағы дінді уағыздау үрдісіне қатысты пікірін білдірді.
"Дінді сахнада насихаттап жүрген адамдарға қарсы емеспін. Ол өздерінің ұстанмы, сондықтан өздері біледі. Тек бір қарынымды аштыратын дүниені айтайын: Өнер мен дінді байланыстырудың қажеті жоқ. Себебі дінге қызмет жасайтын мешіт бар. Әркім өз ісімен айналысқаны жөн",-деді Асқар Наймантаев.