Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Елімізде еңбекке қабілеттіліктен айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері көбейеді

Елімізде еңбекке қабілеттіліктен айырылғандарға төленетін әлеуметтік төлем мөлшері көбейеді
Ашық дереккөзі
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлем көлемі 7 пайызға артады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы" қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

"2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін", – делінген құжатта.

Қаулы Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 11-бабының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін және республикалық бюджеттен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін арттыру тәсілдерінің біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Жоба 2023 жылғы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА порталында жарияланған.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар