Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағандылық ата-аналар балаларының "6 күндік сабағына" қарсы шықты (видео)

Қарағандылық ата-аналар балаларының "6 күндік сабағына" қарсы шықты (видео)
Видеодан кадр
Ата-аналар: Балаларды бос уақытынан айырды.

Қарағандылық ата-аналар балаларының "6 күндік сабағына " қарсы шығуда , деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Шахтинск қаласының тұрғындары балаларының 6 күн бойы сабақ оқуыны  наразылықтарын білдіруде. Наразылыққа шыққандар бұл ата-ананың , балалардың құқұғына қарсы келеді дейді. Елдегі басқа мектептердің 5 күн оқитынын сөзге тиек етіп, өз талаптарын жеткізді.

Ата-аналар білім бөлімінің басшысы Николай Онсовичтің олармен кездеспегенін айтып, сабақ уақытын өзі қалағандай қойып отырғанын жеткізді.

"Ол сабақ уақытын 40 минуттан 45 минутқа дейін ұзартты. Қоңырау уақытын ұзартты. Қоңырау уақыты ұзарса , екінші ауысыммен оқитын балалар үйге  кеш қайтады. Балаларды бос уақытынан айырды. Енді балалар сенбі күні де мектепте болады, тек бір ғана демалыс күні болады. Ол күні барлық аптадағы  сабақ тапсырмасын орындауға тура келеді. Балалар қосымша үйірмелерді тастауына тура келеді.Бұл балаларға ауыр тиеді.  Біз былтыр  5 күндік сабаққа өте жақсы икемделіп алдық.  5 күн сабақ оқу балалардың  да ата-аналардың да көңілінен шығады. Біздегі сұрақ биыл неге олай емес .  Бірақ біздің Николай Онсович бізбен кездесуді қаламады. Барлығын қалай бар солай қалдырды",- дейді ата-ана.

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар