Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Наркенже Серікбаева үлкен қызы әкесімен араласпайтынын айтты

Әнші Наркенже Серікбаева үлкен қызы әкесімен араласпайтынын айтты
инстаграм парақшасынан
Әншінің бірінші некесінен туған қызы өз әкесімен араласпай кеткен

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева бірінші некеден туылған қызы қазір әкесімен араласпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі "Менің өмірім" бағдарламасына сілтеме жасап.  

"Бұрын әкесімен араласатын. Қазір араласпайды. Қыздың жүрегін ауыртам ба деп, сұрамаймын. Бірақ мен рұқсат бергем. Әкесі екені рас қой. Араласып та көрді. Қазір араласпайды. Не үшін араласпадың деп сұрамаймын. Қыздың өзі шешті. Иә, оның отбасы бар. Отбасы да біледі қызы барын. Отбасы бар кезде де араласып жүрді. Қызымның туған күніне әкесі келетін болса: "Қызым, ренжіме, бармай-ақ қояйын. Сыйлығыңды беремін", - дейтінмін. Енді жанұясы бар адаммен қалай отырасың?", - деді әнші. 

Еске сала кетейік, қазір әнші екінші рет тұрмысқа шығып, екінші қызын өмірге әкелген. Сонымен қатар әнші үлкен қызынан жиенді болғанын айтты. 

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар