Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жазира Байрбекова қызының туған күнін тойлады(видео)

Жазира Байрбекова қызының туған күнін тойлады(видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Туған күн кешіне Америкадан сіңілісі келген.

Әнші Жазира Байрбекова қызының 4 жасқа толған туған күнін атап өтті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жазира Байрбекова қызының туған күнін қуыршақ Barbie стилінде атап өткен. Жоғары деңгейде жасалған бұл туған күнде балалар үшін қызықтының бәрі бар. Әнші қызының туған күнін отбасымен тойлағанын айтты. Америкадан туған күнге орай әншінің сіңілісі де келген. 

Әлеуметтік желіге салған видеосы көпшіліктің көңілінен шықты. Балаларға арналған шоу, ойындар, аниматорлар бәрі де жақсы дайындалған дейді оқырмандары. 

"Дара ханшаңыз елінің көркі болып өсе берсін", "Қызыңыздың туған күні құтты болсын", "Папасының қызы, Папасының копиясы", "Ғұмырлы болсын", "Жаным кішкентайым" деп оқырмандары жылы лебізін білдіруде.

Айта кетейік, бұған дейін Жазира Байрбекова қызы Дараның 100 мың оқырманы бар парақшасын жапқанымен бөліскен еді. Себебін кейін қызым өскенде танымал адам болғысы келе ме келмей ме білмеймін, сол үшін деген. 
 

 

Бөлісу:
Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар