«Қазақстан» шахтасындағы өрт оқиғасын тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы тағы 10 күнге ұзартылды.

Шахтада әлі өрт сөндірілуде.

Қарағанды облысының әкімдігінің баспасөзі

Қазақстан шахтасында өрт оқиғасын тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы 10 күнге ұзартылды , деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Бұл туралы ТЖМ өкілі мәлімдеді. 

"Қазір шахтаның апат болған учаскесінде 27 тау-кен құтқарушы жұмыс істеп жатыр, көмекке 14 кенші жұмылдырылды. Тоғыз бөгет тұрғызылды және олар 100% толтырылды, 3 бөгеттін құрылысы бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Сонымен қатар өрт ошақтарын сөндіру жалғасуда. Газ мөлшері бақылауға алынған. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы "- ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Еске сала кетейік, "Қазақстан" шахтасында 17 тамызда  көмір еңісін игеру кезінде конвейер лентасы өртенді. 5 кенші қайтыс болды. Қалған 222 кенші эвакуацияланған еді. 

Loading...