Отырар ауданына қарасты ауылда туған ағасы қос қызды құлдықта ұстап отыр деп хабарлайды, KYN.KZ тілшісі "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап.
Қыз баланың бірінің есімі Құндыз. Жасы 27-де . Отырар ауданына қарасты ауылда тұрады. Құндыздың қасында Назгүл есімді әпкесі бар. Сыныптастарының айтуынша жетім қалған қос қыз туған ағасы өз қамқорлығына алған. Бірақ, қамқор болудың орнына ағалары апалы-сіңлілерге қой бақтырып, құлдықта ұстайды дейді ескі құрбылары.
"Қыздар өте жұпыны. Жағдайлары өте жаман. Үсті-бастары кір. Аяқтары жарылған, қолдары жырылған. Шаштары киіз болып қалған", - дейді сыныптасы.
Апалы - сіңілі Назгүл мен Құндыз мал қорда тұрады екен. Екі қыздың да ақыл-есінде кемістік бар көрінеді.