Басты жаңалықтар
5 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамы жарияланды
- автор Akarman K
- 5 қыркүйек, 2023
- 1.8k
Қыркүйектің алғашқы күндері температура төмендеп, күн салқындайды
"Қазгидромет" РМК синоптитері 5 қыркүйектің ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Мамандардың хабарлауынша, қыркүйектің алғашқы күндері күн күркіреп, жаңбыр жауы , ауа температурасы біршама төмендейді.
«Еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауады. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады. 5 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады деп болжанды», – делінген хабарламада.
Еліміздің орталығында, шығысында солтүстігінде түнде тұман түседі деп болжалуда. Солтүстікте күндіз 10-20°C жылы болса, түнде ауа температурасы 2-10°C жылылықты көрсетеді.