Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан Оралда сәлем салып , келін болып қызмет етіп жүр

Ерке Есмахан Оралда сәлем салып , келін болып қызмет етіп жүр
Инстаграм парақшасынан алынды
Ерке: Жанұямыздың атынан әрқайсысыңызға тек бақыт тілейміз.

Жақында ғана сүйінші жаңалығымен бейнеклип шығарған жұлдызды жұп Ерке мен Райм тағы да әдемі видеоларымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. 

Қонақ күтіп, сәлем салып жүрген Ерке Есмаханның бұл видеосы оқырмандарының көңілінен шықты. Аяғы ауыр Еркенің келін болып қызмет етіп, ақ орамал таққаны тыңдармандарына ұнады. Қайын атасы Еркені гүлмен күтіп алған.

"Ерке келін

Бүгін үйде қонақ күтіп у-шу болып жатырмыз.

Үйде қонақ, далада бала шаға.

Жанұямыздың атынан әрқайсысыңызға тек бақыт тілейміз. Сіздердің де бізге жаудырып жатқан жылы сөздеріңіз қабыл болсын",-дейді әнші Ерке Есмахан өзінің сүйікті тыңдармандарына.

Видеодан Еркенің ұлы Муслимді бөлмей, жақсы көріп, ақша ұстатқан Раймның туыстары да халық назарын аударды. 

Айта кетейік, жақында ғана жұлдызды жұп жаңа бейнебаянымен бөлісіп, жуырда сәби болатынын бөліскен еді. 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар