Түрмедегі белсендінің азапталуы жайлы жаңа мәлімет шықты
- автор Akarman K
- 6 қыркүйек, 2023
- 2.7k
Әлеуметтік желіні шулатқан түрмедегі белсенді Тимур Данебаевты ұрғандар жұмыстан шықты, деп хабарлайды KYZ.KZ тілшісі ulysmedia сілтеме жасап.
"Сенімді дереккөздерден. Видеода Тимур Данебаевты ұрып-соққан барлық адамдар теріс себептермен жұмыстан шығарылғаны хабарланды. Осы колония бастығы және орынбасарымен бірге. Данебаевтың өзі қауіпсіздік мақсатында басқа мекемеге жеткізіледі. Көкшетау қаласының тергеу изоляторына көшірілуі мүмкін", - деді адвокат.
3 қыркүйек күні әлеуметтік желіні шулатқан видеода колония қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан белсенді Тимур Дәнебаевты ұрып-соққан.
"Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты арнайы құралдарды пайдалану арқылы Ақмола облысы бойынша ҚАЖД әкімшілік мекемесінің заңды талабына бағынбау фактісінің жолын кесуде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны байқалады», - деп мәлімдеді комитет.
Еске салайық, бұдан бұрын Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталған еді.