Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Омар Жәлел: екінші және үшінші әйел алуға заңды түрде рұқсат беру керек

Омар Жәлел: екінші және үшінші әйел алуға заңды түрде рұқсат беру керек
Ашық дереккөзі
Абайтанушы үш әйелімен қалай бақытты өмір сүріп жатқанын айтты

Белгілі ғалым, абайтанушы Омар Жәлел Қазақстанда көп әйел алуды заңдастыру айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі .Бұл туралы ақпаратты бұл жайлы YouTube желісіндегі "Адал Адам" арнасындағы сұхбатта айтты.

Омар Жәлелдің айтуынша, қазір ғалымның үш әйелі бар.

"Әзірге, егер мен үш әйелді бақытты етсем жеткілікті болады деп ойлаймын. Мен осымен тоқтаймын. Менде көп күнәлар мен қателіктер бар. Бірақ олар менің отбасыма адал екенімді растайды. Мен бірінші әйелімнің алдында жауапкершілікті сезінемін. Бірақ мен адал болдым деп айта алмаймын", - деді ол.

Абайтанушы қазақ халқының санын көбейтуді өзінің басты мақсаты деп көрсетті.Екінші әйелінің бұрын некеде болғанын, Ол некеден балалары болмаған. Қазір бізде бір ұл бір қыз бар, үшіншісіне аяғы ауыр дейді абайтанушы. Одан соң  үшінші әйелімнің екі баласы бар екенін, ортақ балаларды дүниеге әкелу жоспарында екенін жеткізді. Жас қыздарға емес, өмірде жолы болмағандарға үйлендім дейді Омар Жәлел. 

"Менің ойымша, екінші және үшінші әйел алуға заңды түрде рұқсат беру керек", - дейді ғалым.

Ол сондай-ақ қазақтардың ұл тууы қажет екенін айтты. Алланың бұйрығын орындамай, күйеуге шықпай отырған қыздар жайлы да сөз қозғады. Жұрт не дейді де соңында жалғыз қалады дейді ол.

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар