Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Аяғынан шалғанға мәзбіз": Ардақ Назаров Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты жағдай туралы пікір білдірді

"Аяғынан шалғанға мәзбіз": Ардақ Назаров Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты жағдай туралы пікір білдірді
Ашық дереккөзі
Ардақ Назаров: Азаматымызды күндеуіміз ұлт болашағы үшін қауіпті

Кеше Дәулет Тұрлыхановтың тағы бір ұлына көшеде қызға кол көтерді деген айып тағылды. Мәжiлiс депутаты Ардақ Назаров болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Ардақ Назаров даулы оқиғаны депутатты аяқтан шалушылардың кезектi қитұрқы әрекеті деп бағалады.

"Дәулет аға - қазақтың батыры! Нағыз ер! Нағыз азамат! Расын айтсақ, ол кісіге мансап та, дүние де қажет емес. Бір басына жетерлік абырой-беделі мен дүниесі бар. Қызметке келген мақсаты біреу - елінің жыртығына жамау болу... Кеше Жақсылық ағамыз өмірден озды, орны ойылып қалды. Тiрiсiнде қадiрiн бiле алмадық. Ендiгi ол кiсiнiң ізбасары Дәулет аға сынды елім деген ерлер. Дәулет аға басқа елге барса, олар тiкесiнен тік тұрады, азаматтың қадірін біліп, төбесіне көтереді. Ал бiз ше ? Азаматымыздың абыройына нұқсан келтiрiп, жанұясын жарыса жарнамалап, аяғынан шалып, ар-намысына тиіп, күндегенге мәзбiз. Бұлай жасау ұлтымыздың болашағы үшін қауіпті", - деп жазды депутат.

Депутат көпшiлiктi болған жағдайға байыппен қарауға шақырды.

"Кейінгі уақытта, елiнiң сөзін сөйлейтін, Қазағына жанашыр тұлғалардың сөздерін бұрмалап, арнайы видеолар дайындап, дұрысты бұрыс етіп көрсететін топтар пайда болды. Олардың арам ниеті мынау: елiне жанашыр, халқына қамқор болып жүрген азаматтарды қарапайым халыққа терiс етіп көрсетiп, абыройын түсiрiп, тәуелсіздігіміз бен бiрлiгiмiзге нұқсан келтіру. Ойланайық Қазағым...", - делінген жазбада.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар