Басты жаңалықтар
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да тағы бір кенші қайтыс болды
- автор Аяулым Изатқызы
- 7 қыркүйек, 2023
- 5.2k
Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр
«АрселорМиттал Теміртау» АҚ еншілес кәсіпорнының «Өркен» ЖШС шахтасында кенші қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
39 жастағы жұмысшының өлімі туралы «Өркен» компаниясы хабарлады. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
«Өкінішке қарай, «Өркен» ЖШС кенішінде апат орын алғанын хабарлаймыз. 1984 жылы туған дрифтші қайтыс болды» делінген «Өркен» ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылды.
«Өркен» ЖШС темір кені кәсіпорны «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының құрамына кіреді. Кәсіпорындардың негізгі қызметі кен орындарынан темір рудасын өндіру, өңдеу, байыту және кейіннен негізгі тұтынушы – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-на дайын өнімді жеткізу.