Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Марқұм періштенің анасы сотталушыны ұрып, өкіріп жылады: Сарыағашта 5 жасар қызды қорлап өлтірген ер адамға үкім шықты (видео)

Марқұм періштенің анасы сотталушыны ұрып, өкіріп жылады: Сарыағашта  5 жасар қызды қорлап өлтірген ер адамға үкім шықты (видео)
azattyq.org
Сот ең ауыр жазаны қолданды

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарады.

Оқиға 13-шілде күні болған. Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру үшін ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап кіргізген. Содан, күш қолдану арқылы жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру үшін қызды асхана пышағымен көкірегі мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп өлтірген.

Сот үкімі Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданында орналасқан ИЧ-69 мекемесінде оқылды. 48 жастағы сотталушы «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша кінәлі деп танылып, қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болды. Сондай-ақ, оған кастрация жасалып, 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.




 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар