Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектеп формасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі ulysmedia-ға сілтеме жасап.
Оқушының қазіргі таңда мектепке хиджаппен баруы үлкен мәселе болып қозғалып жатыр. Соған байланысты Балаева балаға бастысы сапалы білім беру деп айтты.
"Атазаңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз - зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені, білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді”, – деді министр.
“Сондықтан да, мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын”, – деді ведомство басшысы.