Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

20 жасар Садраддин Болат 10 мың адамға жеке концерт берді(видео)

20 жасар Садраддин Болат 10 мың адамға жеке концерт берді(видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Әнші "Ана" әнін айтқанда жылап қалды.

20 жасар Садраддин Болат 10 мың адамға алғаш рет жеке концертін берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Жас әншінің концертіне Алматы арена лық толды. Жастардың сүйікті әншісі Садрдың симфониялық оркестрмен өткен концерті көпшіліктің көңілінен шықты.

"Ана туралы әнімді айтқанды өзімнің өмірім бір сәт көз алдыма келді. Анамның біз үшін жасағаны. Жаңа сахнада да айттым. Қазір мама жылап жатыр. Мен ол жерде мамамның жылап жатқанын сезіп қойдым. Сосын жылағым кеп кетті",- дейді жас әнші.


Ұйымдастыруы жоғары болған бұл концертке әншінің досы Дархан Жолшыбек 70 млн беріп, қолдау көрсеткен. Концерттің атмосферасы өте күшті болды дейді көрермен. Садр түрлі образдарымен өз тыңдарманын таңқалдырыпты. Жас болса да осындай көрсеткіш көрсетіп жатқанына халық тамсанып, одан да биік белеске жетуіне тілектес болуда. 

Айта кетейік, алдағы уақытта Садраддиннің анасы әншінің еліміздің  қалаларын аралап концертін беретінін айтты. 

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар