Аша Матай екі кеменің басын ұстамай, тележүргізуші болатынын айтты
- автор Akarman K
- 12 қыркүйек, 2023
- 2.8k
Аша Матай екі кеменің басын ұстамай, тележүргізуші болатынын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі. Аша Матай шығармашылық жайлы ойларын, түсінігін "Таңшолпан" бағдарламасына берген сұхбатында айтқан.
Тележүргізушілікке басымды беретінін хабарлап, әншілікті хоббиі болғанын жасырмады. Анда-санда болмаса киноға түсіп, той томалақта кейде ән айтып қалуы мүмкін екенін де айтты.
"Енді менің өмірімде әншілік пен актрисалық үлкен орын алды. Шығармашылыққа әнші ретінде келдім ғой. Ол менің хоббиім болатын. Кейін бірнеше киноға түсіп, басты рөл ойнап, актрисалыққа келдім. Ал тележүргізушілікке бет бұрғанда бұл менің таңдауым екенін түсіндім. "Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді" дейді ғой. Сондықтан бір бағытты ұстап, бір бағытта жүруге бел будым. Әншіліктен түбегейлі бас тарттым деп айта алмаймын. Бірақ ол жердің өз маманы бар. Маған өз ісімнің маманы болғаным жеткілікті. Ал хобби ретінде айналысудан бас тартпаймын. Анда-санда той-томалақта, бағдарламаға баруым, кейде кинода рөл сомдауым мүмкін. Бірақ, негізгі басымдық тележүргізушілікте болады", - деді Аша Матай.