Ақбота Керімбекова: Алла берген бір ғана өмірде қырылысып, ұрысып - керісіп жүрудің қажеті жоқ
- автор Akarman K
- 12 қыркүйек, 2023
- 5.2k
Ақбота Керімбекова өзі бірнеше рет тұрмыста болғанын еске ала отырып, айырылысып кеткен ұлы мен келінін жақсы түсінетінін жеткізді. Ол осынша өмірлік тәжірибеден кейін, қандай жағдай болмасын әдемі, жылы қарым-қатынасқы жететіні жоқ деген тоқтамға келген. Бұл туралы KYN.KZ тілшісі "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұлы мен келінінің айырылысып кетсе де жақсы араласатынын жеткізді. Қазіргі таңда әнші немересі және оның анасымен қарым-қатынасы өте жақсы екенін айтты. Қолдан келгенше сыйласқанның дұрыс екеніне көзі жеткенін түсіндірді.
"Немеремді қатты жақсы көремін. Өте бөлек, тәтті. Үш ұлдан кейін көріп отырған қыз ғой. Ерекше тәтті. Немеремді көріп тұрамын, араласып тұрамыз. Келінмен де араласып тұрамыз. Енді Алла берген бір ғана өмір ғой. Қырқысып, ұрысып, керісіп жүрудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Қолдан келгенше жақсы қарым-қатынаста, сыйласып жүрген дұрыс. Ол баланың кінәсі жоқ қой. Болашағын ойлап, жақсылығын ойлап жүрейік",- деді Ақбота Керімбекова.