Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Абай Бегей жаңа құдаларымен "Тәтті шәйінің" қалай өткенін көрсетті

Абай Бегей жаңа құдаларымен   "Тәтті шәйінің" қалай өткенін көрсетті
Инстаграм парақшасынан алынды
Жуырда Абай Бегейдің үйінде тағы қуаныш, жалғыз ұлы үйленеді.

Абай Бегей жаңа құдаларымен "Тәтті шәйінің"  қалай өткенін көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.  

Жуырда ғана Абай Бегей ұлының сүйіктісіне сөз салып, үлкен өмірге деген алғашқы қадамын жасап жатқан видеосымен бөліскен еді. Сол қуаныштың жалғасы жаңа құдаларымен болған  "Тәтті шәй" видеосын әлеуметтік желісіне салды.  

"Осындай маңызды күнде құттықтап жатқан барша халқыма алғысым шексіз. Кешеден бері дайректте тыным жоқ, тоқтаусыз тілектер келіп жатыр.Барлығына жауап беріп үлгермесем де, оқып риза болып отырмын.  Тойдың алдынғы қарбаласпен толқып жүрміз.  Құдалығымыз мың жылдық болғай. Ұлың үлкен өмірге қадам басып,  отағасы болайын деп жатырғаны бөлек сезім екен. Қадамың оң болсын. Аллаға шүкір.  Тілекші болып отырғандарға мың алғыс",- деп жазба жариялады әнші.

Абай Бегейдің оқырмандары некелерінің берекелі болып, шаңырақтарында сәбидің үні естіліп, көз қуанышыңыз болып жүре берсін деп жылы лебіздерін білдіруде. 
 

 

Akarman K
Автор

Akarman K

21 years old

Ұқсас жаңалықтар